АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВ ТӨРТКҮЛДІКТЕРДІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСУҒА ШАҚЫРДЫ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВ ТӨРТКҮЛДІКТЕРДІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСУҒА ШАҚЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.
Тапсырмаға сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге сәйкес жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен салалық бөлім басшылары, қоғам белсенділері қатысты.
Аудан басшысы ауылдық округ бойынша газдандыру, жол салу, абаттандыру, жарықтандыру бағыттарында және алдағы жылдары нақты қандай жұмыстардың атқарылатындығы туралы толық ақпарат берді. Одан бөлек денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша да қолға алынатын тірліктерге кеңінен тоқталды.
Кездесу сұрақ жауапқа ұласып, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Әрбір сұрақ жауапсыз қалмай, оларға аудан әкімі, тиісті сала мамандары жауап берді.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы төрткүлдіктерді Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосуға шақырды.