


Арыс қаласының Байдәулетов көшесінде көше шамдары орнатылып, 1 шақырымдық аумақ жарықтандырылды. Бұл жоба Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Қосмамбетовтың бастамасымен және жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асты.
Игі іс тұрғындардың өтінішімен қолға алынып, С. Ерубаев атындағы мектеп маңындағы аялдама да жаңартылды. Көше кешкі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы бола түсті.
Жергілікті тұрғындар бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, депутат пен әкімдікке алғыстарын айтуда.