Ордабасы ауданының 60 жылдығына орай «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі Қараспанда өтті.
Қараспан ауылдық округінде ұйымдастырылған шарада қолөнер шеберлерінің және мектеп оқушылары жасаған бұйымдарының көрмесі өтті.
Сондай-ақ, ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық өнімдері де жұрт назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек, спорттық жарыстар өтті.
Аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков қараспандықтарға жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.
Жоғарғы деңгейде өткізілген іс-шара барысында аудандық Мәдениет үйінің және Қараспан ауылдық округінің өнерпаздары көпшілікке ән-күй тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.