АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 39 745 АЗАМАТ ЖОЛДАНҒАН - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы #Саясат

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 39 745 АЗАМАТ ЖОЛДАНҒАН

Бұл туралы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Қазанқапов мәлім етті.

Облыс әкімі бекіткен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Оның ішінде жаңа жұмыс орындары — 3 671, Бос жұмыс орындары — 43 250 орын, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы негізінде жеке бастамалар аясында — 22 595 жұмыс орнын ашу көзделуде. Субсидияланған жұмыс орындары 2023 жылдан өтпелі 10 948 орын, 2024 жылға 31 208 жұмыс орнын ашу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грантпен 1 793 азаматты қамту жоспарланған.

Өңірлік картаның орындалуы бойынша:

  • Жалпы құрылған жұмыс орындары бойынша 10.12.2024 жылы 104 635 жұмыс орындары ашылды (88 %).
  • Ұлттық жобалар аясында 3 339 жұмыс орындары ашылды (91%).
  • Бос жұмыс орындарына 39 745 азамат жолданды (91.9%).
  • Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы негізінде 22 168 жұмыс орындары құрылды (98%).
  • Cубсидияланатын уақытша жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамту шараларына 33 180 азамат жолданды (106%).
  • Ағымдағы жылы 1 779 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға бағытталған қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттарымен қамтылды (99,2%).
    2024 жылы субсидияланатын жұмыс орындарына 31 208 адамды жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 33 180 адам (106 %) жолданды.

Ұлттық жобалар аясында ағымдағы жылы 397 жоба жүзеге асуы көзделіп, 3 671 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланған. Бүгінгі күнге аталған жобалардың 368 (93%) жобасы жүзеге асып, жаңа жұмыс орындарымен 3 339 (91%) азамат қамтылды. Мониторинг нәтижесімен 3 199 (98%) азаматпен электронды келісім шарт түзіліп, 2 727 (82%) азаматқа МЗЖ аударылғаны анықталды.

Жастар практикасы жобасымен 8 500 жасты қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 8 453 азамат жобаға қатысып, жоспар 99% орындалды.
Қоғамдық жұмыс орындарымен 13 950 азаматты қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 15 362 (110%) азамат қамтылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 680 азаматты жолдау жоспарланып, 4 869 азамат қамтылды. Жоспар 104% орындалды. Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған 4 575 азаматтарқа (94,2%) МЗЖ аударылып, электронды еңбек шарты 4854 (99,9%) азаматпен түзілген.
Алғашқы жұмыс орындарымен 1 802 азаматты қамту жоспарланып, нақты қамтылған 2 055 (114%) азаматты құрады.
Күміс жас жобасымен 2 208 азаматты жоба аясында жұмыспен қамту жоспарланып, 2 441 (111%) азамат қамтылды.

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша облыс бойынша 1 793 жоспар бекітіліп, нақты 1 779 (99,2%) орындалып отыр. Оның ішінде: АӘК – 40, көп балалы отбасы – 1 243, мүгектігі бар аазаматтар – 283, мүгедектігі бар бала тәрбиелеушілер — 161, асыраушысынан айырылғандар санатындағы — 52 азамат грант қаражатымен қамтылған.

Грант қаражатының нысаналы мақсаты бойынша қоғамдық тамақтандыру – 437, өсімдік шаруашылығы – 268, халыққа қызмет көрсету – 447, тігін өндірісі — 243, құс/балық шаруашылығы -162, өңдеу және өндіріс саласы – 184, мал шаруашылығы саласын дамытуға – 38 грант қаражаты бөлінген.

Облыс деңгейінде квотаның орындалуы бойынша Пробация есебінде тұрған 108 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 108 азамат (100%) жұмыспен қамтылды.
Бас бостандығынан айырылған 23 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 18 азамат (78,3%) жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылы 25 тұл жетімдерді жұмыспен қамту жоспарланып, 11 азамат (44%) жұмыспен қамтылған.
Мүгедектігі бар 276 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 236 азамат (86%) жұмыспен қамтылған.