Ауданымыздың дамуы — ортақ міндетіміз! - Kemel kz
#Жалпы

Ауданымыздың дамуы — ортақ міндетіміз!

Өздеріңіз білетіндей, халық қалаулысы болу – тек заңнамалық бастамалар көтеріп, құжат­тарға қол қоюмен шектелмейді. Бұл-елдің мұң-мұқтажын тыңдап, нақты мәселелердің шеші­­­міне ықпал ету, халықтың әл-ауқатын арт­­­­тыру жолында аянбай еңбек ету деген сөз. Осы мақсатта депутаттық жұмысым бары­сы­нда ауданымыздағы 13 ауылдық округ­ті аралап, тұрғындармен бетпе-бет кез­де­­сіп, оларды толғандыратын мәселелерді тал­қы­­­ладым.«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Прези­дентінің № 704 Жарлығына және «Қазақ­стан Республикасындағы жергілікті мем­лекет­тік бас­­қару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақ­стан Республикасының №148 Заңына (бұдан әрі – Заңның) сәйкес, аудандық мәсли­хат­тың төра­­ғасы ретінде мәслихатының 2024 жыл­ғы атқарған жұмыстары мен оның тұрақты комис­­сияларының қызметі туралы есебін ауыл тұрғы­­ндарына баяндадым.
Көрсетілген Заңның талаптарына сәйкес өткен 2024 жылдың қаңтар айында өзімнің бас­таған депутаттық топ ауданымыздағы 13 ауыл­дық округтерді аралап, өздерінің атқарған жұмыс­тары туралы есептерін баяндаған бола­тын. Кездесулер барысында ауыл тұрғын­дары тара­пынан көптеген ұсыныстар мен өтініштер айты­лып, олардың барлығы хаттамаларға енгізілді.
Ал ағымдағы 2025 жылдың қаңтар айында аудандық мәслихат төрағасы ретінде халық алдындағы екінші кездесуім өтті.
Кездесулер барысында 2024 жылы аудан­дық мәслихаттың 12 сессиясы өткізілдігін, оның 4-і кезекті, 8-і кезектен тыс сессиялар. Тұрақ­­­ты комиссиялардың отырыстары 11 мәр­те өткізілді. Осы сессияларда жалпы саны 65 мәселе қаралып, оның ішіндегі 6-ы норма­тивтік-құқықтық актілердің барлығы Әділет депар­­таментінен мемлекеттік тіркеуден өткіз­іл­гендігін қысқаша баяндап өттім.
2024 жылы мәслихат сессияларында қарал­­ған мәселелерге қысқаша тоқтап кетер болсақ;

  • аудандық бюджетке 4 мәрте және ауылдық округтердің бюджеттеріне 3 мәрте өзгерістер енгізілді және 2025 жылға арналған аудандық бюджет пен ауылдық оркугтердің бюджеттері бекітілді;
  • аудан әкімінің есебі, мәслихат төраға­сының есебі, мәслихаттың тұрақты комис­сия­­­ларының есебі, 4 бөлім басшы­ла­ры­ның есептері, 2 ауыл әкімінің есептері және ау­дан­­­­­­­дық бюджет пен ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері тың­­­далып, бекітілді.
    2024 жылы мәслихат депутаттарының аты­нан жалпы саны 295 депутаттық сауалдар жол­данып, оларға тиісті жауаптары алынды.
    Мәслихат төрағасының жеке қабылдаулары әр аптаның сәрсенбі күні болып бекітілген. Алай­да келемін деген тұрғындарға әрдайым есігім ашық. Барлық ауыл тұрғындарын апта­ның қай күні болсын қабылдап келемін.
    2024 жылғы кездесулер барысында айтыл­ған ұсыныстар мен өтініштер бойынша тиісті мекемелерге жалпы саны 59 депутаттық сауал­дар мен қосымша хаттар жолданып, олардың орындалуы бойынша нәтиже тұрғындарға хабарланды.
    Аудандық бюджеттің қаржысына қарап отырмай, облыстық және республикалық дең­­­гей­дегі мекемелерге тікелей өзіміз барып, түйткілді мәселелердің шешілу жолын қаруды жөн көрдік. Облыстық бюджеттен қаржы­ланатын жобаларымызды тиісті орын­дарға алып кіріп, оң шешімін тапқан мәселелерге тоқтап кетер болсақ;
    Ағын су — ауыл шаруашылығының негізі.
    Ауыл шаруашылығы саласының ең маңызды мәселелерінің бірі — ағын су тапшы­лығы. Бұл мәселені шешу үшін тиісті меке­мелермен бірлесіп, каналдардың тазар­тылуына және су сорғыларының орнатылуына ықпал жасадық. Нәтижесінде, ауылдағы шаруа­лардың егін суару­дағы қиындықтары біршама азайып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік алды.
    Ағын су мәселесі бойынша «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы директорының орынбасары Бақашбаев Жандарбек, филиал­дың жоспарлау және қаржылық талдау бөлі­мінің басшысы Керімбеков Есен, филиал­дың пайдалану бөлімінің бас маманы Жана­­­таев Бекзат, филиалдың Отырар аудандық өндіріс­­тік бөлімшесі басшысы Раев Мубарак, кәсіп­керлік және ауылшаруашылығы бөлімі бас­шысы Сыздықов Батырбектің қатысуымен ауданы­мыздағы каналдарды бірге аралап, нәтижесінде:
    Ауданымыздағы 77,95 шақырым ұзындық­тағы 17 канал механикалық таза­лау­дан өт­керіл­­ді. 2 дана жаңа СНПЭ-500/10 насосы 2 дана трансформаторымен бірге алынды. Бұған қоса 14 дана СНПЭ-500/10 насостарына қосал­­­­қы бөлшек­тері алы­нып, ауыстырылды.
    Елдің болашағы — білімді ұрпақтың қолында
    Сондықтан мектептердің жағдайына ерек­ше назар аударып келеміз. Мектептерді жөндеу, олардың жылу жүйелерінің ескіргендігіне байла­нысты, тиісті қара­жат бөлі­ніп, бірнеше білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, жылы­­ту жүйе­лері жаңартылды. Нақтырақ айтасақ, Отырар ауылдық округіндегі «Т.Ибра­гим­ов», Балтакөл ауылдық округіндегі «Ы.Алтын­сарин» мектептерінің күрделі жөн­­деу жұмыс­тарына және Қоғам ауылдық округі­ндегі «Р.Бердібай», Талапты ауылдық округіндегі «Сарыкөл» мектептерінің жылу жүйесінің құры­лысына тиісті қаржылардың бөлінуіне ықпал жасалынды.
    Шыбын-шіркейлерге қарсы дезинфсек­циялық іс-шараларды ерте көктемде жүргізу үш­ін Түркістан облысы әкімінің орын­­­­­басары С.З.Жол­дасовқа және облыстық энергетика және тұрғын үй басқармасына арнайы хат­­тар жолданып, Сайрам ауданындағы шы­бын-шіркей­лерге қарсы дезинфекциялық дайын­­­­дық жұмыстарына аудандық мәслихат депут­аттары да қатысып, комиссия мүшелігіне ұсы­нылды.
    Әлеуметтік көмек – басты назарда
    Тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік жағдайы осал азаматтарға көмек көрсету – әр­бір азматтың міндеті деп ойлаймын.
    Осы орайда;
    Жеке қаражатым есебінен және демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқары­лып жатқан жұмыс­тарға тоқталар болсам;
    «Аманат» партиясының «Менің Елім» партиялық жобасы аясында Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ғимаратындағы ҚР Мемлекеттік рәміздерін жаңар­ту үшін 500.000 теңге (бес жүз мың) демеушілік жасадым;
  • «АМАНАТ» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында аудан орталығы Шәуіл­­дір ауылынан он отбасыға және қалған он екі ауыл округінің әрбірінен тұрмысы төмен бес отбасыға жетпіс мың теңгеден қаржы­­­­­лық қолдау көрсетіп, жалпы жетпіс отбасыға 4.900.000 (төрт милион тоғыз жүз мың) теңге көмек ұсындым;
  • «АМАНАТ» партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында Батыс аймақтағы су басқан аймақтарға көмек ретінде өзімнің және отбасымның атынан «Ақтөбеге көмек-2024» арнайы қорына 5.400.000 теңге (бес милион, төрт жүз мың) аударылды;
  • Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 15 (он бес) отбасыға бір реттік азық-түлік алып беру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келемін;
  • Жаңа жыл қарсаңында 15-ке (он беске) жуық аудандағы еңбек ардагерлерінің, көп бала­­лы аналардың шаңырағына құттықтап ба­рып, сый-сияпат табысталды;
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында онға жуық зейнеттегі ұстаздар мен аудандық ауруханада ем алып жатқан отыз­­­­ға жуық нәзік жандыларға (әжелер, қыз-келін­шектер) мерекелік көңіл күй сыйлап, сыйлықтар табысталды;
  • 8-мамыр күні аудандық мәслихат депутат­тары «АМАНАТ» партиясының барлық бас­тауыш партия ұйымдарының қатысуымен 13 ауыл­­­дық округте 30-ға жуық тыл ардагерлеріне құр­мет көрсетіп, шаңырақтарына барып сый­­лықтар бердік;
  • 9 мамыр қарсаңында аудандағы жеті тыл ардагерлеріне сый-сияпаттар жасалынды;
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарыл­­­ғанына 35 жыл толуына орай аудандық орта­лық кітапханада Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында кездесу өткіздік;
  • 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында білім ұйымдары ұсынған 180 (жүз сексен) бала­ға демеушілік жасап, түрлі сый-сияпаттар, ойыншықтар сыйға тартылды;
  • 1 қыркүйек-Білім күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жоба­­­­сы аясында «Баланы мектепке даярлайық» акция­сына қатысып, алпыс (60) оқушыны мек­теп формасымен және оқу құралдарымен қам­тамасыз еттім;
    Денсаулық — басты байлық
    Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Отырар ауданы, Талапты ауылындағы тәулігіне 25 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар «Фараб дәрігерлік амбулаториясы» ұжымына демеушілік жаса­лып, «AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында DAMAS жедел жәрдем көлігін сыйға тарттым . Бұл көлік шұғыл жағдай­ларда ауыл тұрғындарына дер кезінде медициналық көмек көрсетуге сеп­тігін тигізеді.
  • «Тарихы терең туған жер Отырар» атты жазба ақындар айтысының барлық кезеңіне демеу­шілік жасалып, 300 000 теңге көлемінде демеу­шілік жасалынды;
    Қашанда халықпен біргеміз!
    Мен депутат ретінде өзімнің барлық жұмы­сымды халықтың сұранысы мен мұқтаж­дықтарына бағыттаймын. Әрбір азаматтың мәселесіне бей-жай қарамай, қолдан кел­ген­ше көмек көрсету – мен үшін үлкен жауапкершілік.
    Жалпы алғанда депутат ретінде өзімнің сай­лау­алды бағдарламамның 70 пайызға жуығын жүзеге асырып, халық алдындағы өзіме жүктел­ген міндеттерімді атқарып келемін.
    Қазіргі таңда ағымдағы жылдың қаңтар айындағы өткен кездесулердегі ауыл тұрғын­дары­ның тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерге сәйкес 59 депутаттық сауалдар мен қосымша хаттар жолданып, олардың барлығы бақылауға алынды.
    Алдағы уақытта да ауданымыздың дамуы үшін аянбай еңбек ете­тіні­­ме сенімді бо­­­лың­­ыз­­­­дар!
    Бір­­лігі­­­­­­­­міз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!

У.Ұзақов,
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының Отырар аудандық филалының төрағасы.