ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚҚА ЕҢБЕКПЕН ҮЛЕС ҚОСТЫ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚҚА ЕҢБЕКПЕН ҮЛЕС ҚОСТЫ

Ордабасы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен жастар бір кісідей атсалысты.

Сенбілік барысын арнайы аралаған аудан басшысы Азат Оралбаев тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл шара аудан орталығының тазалығын сақтауда және тұрғындар арасында экомәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Тазалық шарасы аясында Темірлан-Шымкент тас жолы бойындағы арамшөптер шабылып, қоқыстар жиналды. Жиналған қоқысты, үйме боп жиналған арамшөптерді тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен арнайы техникалар жұмылдырылды.

Сенбілікке қатысып, туған жеріміздің көркеюіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Алдағы уақытта осындай жалпы аудандық сенбілікке аудан тұрғындары белсене ат салыса бермек.