ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЖОЛ АШАДЫ! - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЖОЛ АШАДЫ!

Ордабасы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына «AMANAT» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, аудан әкімі орынбасарлары, жауапты дербес бөлім басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Фракция мәжілісін Ордабасы аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы мүшесі Омаш Сәуле Шапайқызы ашып, жүргізді. Фракция отырысының күн тәртібінде:

  1. «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының орындалуы туралы аудан әкімі орынбасарлары Сейтқұл Қыдырбай Құнанбайұлының және Болатханұлы Олжастың есептерін тыңдау.
  2. «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалар баяндама жасады.
    Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, қаулы қабылданып, олардың орындалуы бойынша аудандық партия филиалына мерзіміне сәйкес мәлімет беруін тапсырды.