Ресей Федерациясы Казан қаласында өткен белбеу күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында Ордабасы ауданы Мақташы ауылының тұрғыны, спортшы Құдасбек Гүлзира қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Осы орайда ел мерейін үстем еткен спортшыны Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев арнайы қабылдап, алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.
- Сізді, Белбеу күресінен Әлем чемпионатында жүлделі үшінші орынды алғаныңыз үшін құттықтаймын. Сіздің жеңісіңіз үлкен жетістіктердің бастамасы болсын. Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадым. Аудан тұрғындарының және өз атымнан алдағы уақытта да еліміздің дамуына, жастар арасында патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруда белсенділік танытасыз деп сенемін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін, — деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Гүлзира Боранбекқызы спорттың 3 түріннен самбо, белбеу күресі, әскери самбо күрес түрлерімен шұғылданып келеді. Спорттың 3 түрінен самбо, белбеу күресі, әскери самбодан ҚР спорт шебері. Самбо, әскери самбо, белбеу күресінен ҚР чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы самбо, әскери самбодан Азия чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері. Самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Белбеу күресіннен Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Жас спортшы алдағы уақытта еліміздің көк туын олимп шыңында желбіретуді мақсат етіп отыр.