Жұмыссыздықты азайту басты міндет: Мансап орталығының директоры қоғамдық қабылдау өткізді - Kemel kz
#Әлеумет

Жұмыссыздықты азайту басты міндет: Мансап орталығының директоры қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес, Ордабасы аудандық мансап орталығының директоры Абдихаимов Дынислам Бақытжанұлы тұрғындармен жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл шара халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және орталық қызметтерімен таныстыру мақсатында өткізілді.
Қабылдау барысында Темірлан, Аманкелді, Көлтоған ауылының тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Негізгі мәселелер жұмыссыздықты азайту, жастар тәжірибесі бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қайтарымсыз грант алу мәселелері сонымен қатар жастарды мансаптық бағдарлау және әлеуметтік қолдау шараларына қатысты болды.
Д.Б.Абдихаимов көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін ҚР-ның заңы аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын және басқа да қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарда болатынын жеткізді.
Директордың айтуынша, қоғамдық қабылдаулар халықпен тікелей байланыс орнатып олардың қажеттіліктерін ескере отырып, орталық қызметін жетілдіруге ықпал етеді. Ол сондай-ақ тұрғындарды орталық ұсынатын бағдарламалар мен жобаларға белсенді қатысуға шақырды.