Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Аудан басшысы алдымен Темірлан ауылындағы 250 орындық спорттық сауықтыру кешенінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ Азат Әбдіғалиұлы Самал м/а салынып жатқан үш қабатты 3 үй, 84 пәтер және бір қабатты 26 үй, 52 пәтерлі тұрғын үйлердің жұмысымен танысты.
Одан бөлек Қажымұқан атындағы тарихи-мәдени спорт кешенінің құрылыс алаңдарында болды. Құрылысты өз көзімен аудан әкімі бірқатар сын ескертпелер айтып, мердігер мекемелерге түзетуді тапсырды.
Аталған жұмыстарды жүргізіп жатқан компанияларға сапаға және құрылыс мерзімдеріне баса назар аударуды тапсырып, жауапты орынбасарына салалық бөлімнің басшысына бақылауды күшейтуді міндеттеді. Айта кету керек аймақтағы қарқынды құрылыс жұмыстарына жергілікті азаматтар да тартылған.