Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы бөлімдерінің басшылары, бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы іссапарын Түркия мемлекетінде жалғастырды.
Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.
Іссапар аясында Стамбул және Коджаели қалаларындағы жаңа өндірістік технологиялармен, шағын және орта бизнеске арналған жабдықтармен танысу көзделген болатын.
Осыған сәйкес 25-26 қараша күндері Түркия мемлекеті Стамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесулер өтті
«Corunex» зауытының компания директорымен меморандумға қол қою (бояуға және гидрооқшаулауға арналған жалпы өнімдер бояулар: интерьер, сыртқы жұмыстар, грунтовка және шпаклевка үшін акрил, битум, цемент негізіндегі гидрооқшаулағыш өнімдерді өзімізде шығаруға келісімге келді.
Кондитер, шоколад және желатин өнімдерін өндіретін «Tayas» компаниясының басшылығымен кездесулер өткізілуде.
Сондай-ақ «Inci Transfarmator Aksesuarlari» трансформатор зауытына қажетті қондырғы жабдықтар шығару компаниясы өкілдігімен келіссөздер жүргізілді.
Түркістандық делегацияның іссапары Түркия Республикасында ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасты. Ең бастысы маңызды кездесулерде бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, келісімдер жасалады.