“ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН АУЫЛ” АЗАТ ОРАЛБАЕВ ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

“ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН АУЫЛ” АЗАТ ОРАЛБАЕВ ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.
Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кесте бойынша алты ай сайын тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Осыған сәйкес Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қарақұм ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, ардагерлер, ауыл белсенділері мен тұрғындар қатысты.
Алдыңғы сәуір айында өткен есепті кездесуде 2 мәселе көтерілген болатын. Осы мәселелерді шешу бойынша арнайы қадамдық іс-шара жоспары жасалып, кезең-кезеңімен шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елді мекеннің жаңа құрылыс аумағындағы көшелерге тас төсеу үшін сметалық құжаттама әзірленіп, Т.Рысқұлов көшесін асфальттау үшін сметалық құжаттама әзірленуде, 2025 жылдың бюджетіне ұсынылатын болады. Қарақұм ауыл округіндегі 2 149 га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін 2 канал бар. «Құрманбек» және «Р-7» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Ислам даму банкі арқылы қаржыландыру жоспарына енгізілді. 2025 жылы жөндеу жұмыстарының басталуы жоспарлануда. Күрделі жөндеу жұмыстары басталғанға дейін егістік жерлердің ағын сумен қамтылуын жақсарту мақсатында «Құрманбек» каналының 6 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.

Аудан басшысы Қарақұм ауылдық округінде ағымдағы және алдағы жылдары қолға алынатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ ауыл тұрғындарын ауылды таза ұстауға, сенбілік шараларына белсенділік танытып қатысуға шақырды.
Кездесуде қарақұмдықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға аудан әкімі және салалық бөлім басшылары тарапынан жауаптар алды.