АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕКҚОР БӨГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕКҚОР БӨГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес Бөген ауылдық округінің халқымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған және бөгендіктер тарапынан өткен есепті кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қазыналы қариялар, ауыл белсенділері мен тұрғындары қатысты.
Өздеріңізбен өткен алдыңғы есепті кездесулерде 2 мәселе көтеріліп, өз шешімін тапты. Бөген елді мекені, орман шаруашылығының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді заңдастыру мақсатында Бадам орман шаруашылығы мекемесіне балама жер ұсынылып, аталған жер телімі 19.06.2024 жылы елді мекен шекарасына енгізіліп, тұрғын үйлердің құжаттарын әрі қарай заңдастыру үй иелерінің есебінен жүргізіледі. Бөген елді мекені, орман шаруашылығының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді (8 үй) электр желісін орман шаруашылығының трансформаторына шілде айында қосылып, электр жүйесі ретке келтірілді. Бөген ауыл округіндегі 4 363 га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін 7 канал бар. Өздеріңізге белгілі, бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін 2 каналға (Р-1, ЛБК) жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2023 жылы облыстық бюджеттен 900 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (2023 жылы ЛБК каналының жұмысы аяқталды. Р-1 каналының күрделі жөндеу жұмысы келер жылдың су беру маусымына дейін аяқталатын болады.)
Кемер ауылының Береке және Бірлік көшелеріне жарықтандыру құралдарын орнатылып, қыркүйек айында пайдалануға берілді.
2025 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС арқылы инвест бағдарламасы аясында «КТП-325» трансформатордан шығатын 2 шақырым 0,4 кВ электр желісі және трансформаторын жаңарту жоспарлануда. Бөген елді мекенінің табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды, желіге қосу жұмыстары жүргізілуде, желтоқсан айында тұрғындар табиғи газбен қамтылады. Кемер елді мекенінің табиғи газбен қамту құрылысына қаржы қарастыруға салалық басқармамен жұмыс жүргізілуде. Бөген ауылының ауыз су жүйесін қайта құру (реконструкция) жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастыру мақсатында салалық басқармаға сұраныс берілді.
Өзекті мәселенің бірі болған дәрігерлік амбулаториясының құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, нысанның ішкі әрлеу және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (жұмыс көлемінің 65% орындалды) жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Олар негізінен аяқжол, көшелерді жарықтандыру, электр желілері, канал тазалау. Әрбір қойылған сұрақ жіті бақылауға алынды және тиісті сала мамандарына аталған мәселелер бойынша жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.