Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мемлекеттік бағдарламалар бойынша NEET санатындағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында жастар мамандары тұрғын үйлерді жеке аралап жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жасыл ел», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде мәліметтер берді.
Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие мен 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5 пайыздық несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар беріп жадынамалық парақшалар таратылды.