ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛЫДЫ - Kemel kz
#Жалпы

ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛЫДЫ

Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінің орталық саябағында тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға ардагерлер, зиялы қауым және түрлі этнос өкілдерімен бірге аудан жастары да қатысты. Саябақта тал түптері әктеліп, қураған ағаштар жиналып, қоқыстан тазартылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ордабасыда тазалық шаралары жиі ұйымдастырылуда. Сенбіліктер аясында көшеттер отырғызылып, саябақтар мен көшелер тазаланып жатыр. Сондай-ақ, акция аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Іс-шараға 80-ге жуық ардагерлер мен жастар қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Ауламызды, ауданымызды, өлкемізді тазалықта ұстауымыз қажет. Тазалық әр адамның өзінен басалады. Өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі таза ұстағаны жөн. Барша тұрғындарды осы аталған науқан аясында сенбілікке белсенді қатысуға шақырамын»,- деді аудан ардагері О.Есқараев.

Алдағы уақытта сенбілік ауданның басқа ауылдарында да өз жалғасын табатын болады.