Түркістан облысы жастарының 2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша «Үйлестіру кеңесі» өтті. Үйлестіру кеңесіне облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы және аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен облыстық бөлім басшылары қатысты.
Жиында «Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер» бөлімінің басшысы Мейірбек Дінмұхаммед жұмыстардың көрсеткіштері мен бөлімнің атқаратын негізгі міндеттері мен орындалу деңгейін атап өтті. Ал
«Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы Дінислам Бимахамбет “Алғашқы жұмыс орны”, “Жастар практикасы”, Қоғамдық жұмыстар, “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы, “Серпін — 2050” т.б мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру, олардың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсіндіру бойынша атқарылған жұмыстарды және NEET жастарымен жұмыс жүргізу нәтижелері туралы баяндама жасады.
«Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Бағлан Бердібек талантты жастарды қолдауға арналған бағдарламалар мен биылғы жылғы жүзеге асырылғанын жобалар жайында баяндады. Ол өнер, ғылым, спорт және басқа да салалардағы жас дарындарды қолдау бағытындағы атқарылған іс-шараларға тоқталды.
«Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлім басшысы Кипчакбаева Гүлнұр психологиялық көмек көрсету үшін атқарылған негізгі шараларды атап өтіп, оның жетістіктер мен кемшіліктерді талдады. Сондай-ақ жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында апта сайын түнгі рейдтік шаралар туралы баяндады.
“БАҚ және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Қайрат Ақтөре аудан, қалалардың әлеуметтік желідегі белсенділікті жоғарылату жөнінде жұмыс жүргізілу керектігін жеткізді.
Кеңес барысында Ернар Нұралыұлы аудан, қала жастар ресурстық орталықтарының басшыларының бюджеттік қаржыларды тиімді жұмсау мәселесін көтерді. Өткізілетін шараларға бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын қадағалау және осы қаржыға қандай іс-шаралар ұйымдастырылғаны туралы есеп беру тапсырылды. Және NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, білім беру және әлеуметтік қолдау бағытында жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды. Сонымен қоса “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша да ұсыныстар айтып, жастарды экологиялық жобаларға тартуды, табиғат қорғауға байланысты шараларды өткізу қажеттігін атап өтті. “Бұл жастардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама” — деді.
Сонымен қатар кеңес барысында аудан, қалалық жастар орталығының басшыларына жастармен жұмыс жүргізу, өңірдегі жастар саясатын жетілдіру мақсатында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтылып, осы жұмыстарды үйлестіру мақсатында қаржы және ресурстарды тиімді бөлу, жаңа бағдарламаларды іске қосу мәселелері талқыланды.