Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып енгізілді.
Еңбек күні – еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтайтын мереке. Әр салада кәсіби біліктілік танытып, адалдықтың шынайы көрінісін көрсетіп жүрген жандар бар. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, қоғамның дамуына күш салып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Осы орайда аудандық жастар орталығының өкілдері Ордабасы ауданының абаттандыру бөлімінің жұмысшысы Нұрлыбек мырзаның жұмыс барысымен танысып, осы салада еңбек етіп жүргеніне алғыс айтып, сыйлық табысталды.