АУДАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУДЕ! - Kemel kz
#Жалпы

АУДАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУДЕ!

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді. Қазақстанның тазалығы – қазақ халқының мәдениетінің көрсеткіші. Әрбір Қазақстан азаматы өзі тұрып жатқан елді мекенде тазалықты сақтауға күш салуы қажет.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданы бойынша тазалық шаралары ұйымдастырылды. Акция барысында мекеме қызметкерлері Темірлан ауылының басты көшелерінің бірі саналалатын Абасов көшесін тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге атсалысайық!