Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында алғаш рет мал базары ашылып өз жұмысын бастады. Жалпы аумағы 1 гетарды алып жатқан жаңа базар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолы бойына жақын жерде орналасқан. Ең бастысы айналасы толықтай қоршалып ірі қара және уақ малдарды ұстайтын арнайы орындары заман талабына сай етілген мал базар инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Сонымен бірге базар аумағы келім-кетім көліктердің кіріп шығуына ыңғайлы етілген. Ендігі жерде жаңа мал базары әр аптаның бейсенбі жексенбі күндері жұмыс істейтін болады. Осылай деген базар әкімшілігі алдағы бір ай көлемінде Шұбарсу мал базары тегін қызмет көрсететіндігін жеткізді.
Шұбарсу ауылдық округінде бүгінгі таңда 60 мыңға тарта халық бар. Тіршілігі қайнаған жергілікті жерде мал шаруашылығымен айналысушылардың да саны мол. Олар бұған дейін малдарын сатуға немесе сатып алу үшін Шымкент, Темірлан немесе Қарабұлақта орналасқан мал базарларына қатынап келген болатын. Ал ендігі жерде шаруалар алысқа бармай ақ өз ауылдарында ашылып отырған жаңа мал базарына келіп сауда жасай алады. Осылай деген ауыл ақсақалдары бұл орынның ашылуы Шұбарсулықтар үшін үлкен қуаныш болып отырғандығын жеткізді.
Шұбарсуда бұған дейін мал базары мүлдем болмаған. Міне осыны ескеріп заман талабына сай сауда орнын ашқан азаматтарға ауыл тұрғындарының айтар алғысы зор. Сондықтан осы бір қуанышқа ортақтаса келген ақсақалдар қауымы базар ішін аралап көрсе енді бірі осында алғашқы саудасын да жасап үлгерді.
Жаңадан іске қосылып отырған Шұбарсу орталық мал базарының ашылуына орай бұл күні ақ дастархан жайылып құран бағышталса, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Жергілікті халыққа тиімділігі мол боларына сенім білдірген қонақтар базар салу бастамасын қолға алып жүзеге асырған Берік Төрехан ақсақалдың иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Ендігі жерде жаңа мал базары әр аптаның бейсенбі және жексенбі күндері тұрақты түрде жұмыс жасайтын болады.