Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданға жеке қаражатын салып ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторларды қабылдап екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
«Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы инвестициялық құны 5 млрд теңгені құрап 500 жұмыс орнымен және «ЮгСтройТехнология» компаниясының газбетон блоктарын шығару жобасы инвестициялық құны 1,2 млрд.тг., 80 жұмыс орнымен ашылған жағдайда ауданда 580 адам жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджеттің кіріс көзі артып, өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрі шығарылатын болады.
«Инвесторларды өңіріміздің дамуына, өркендеп, өсуіне ықпал етуге шақырамын. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін — деді аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы.