«Эко Ордабасы» қозғалысының қатысушылары халық көп шоғырланған көше бойы мен «Самұрық» аллеясына темір металлдан жасалған түрлі-түсті пластик, қағаз және шыны қалдықтарын сұрыптап тастайтын контейнерлер орналастырды. Мұндағы мақсат — өңдеуге жататын қалдықтарға екінші өмір беру және көпшілік арасында қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру.
Жастар қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың міндеті. Ауыл тұрғындарын өз аулаларын таза ұстап, айналаны абаттандыруды күнделікті дағдыға айналдыруға шақырады.
Бұл жоба Түркістан облысының “Азаматтық альянсы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған.