ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 АЙДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ - Kemel kz
#Жалпы

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 АЙДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2024 жылы Ордабасы ауданы бойынша «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жалпы 8598 азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету жоспарланған. 9 айдағы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша 5807 азамат жобаға қатысты.
Атап айтқанда:
Әлеуметтік жұмыс орындарына — 331 адам (жоспар б/ша 390 адам) жолданып, жоспар 84,9% орындалды.
Жастар практикасына – 224 адам (жоспар б/ша 620 адам) жолданды.
Қоғамдық жұмыс орындарына — 973 адам (жоспар б/ша 930 адам) жолданып, жоспар 104,6% орындалды.
Алғашқы жұмыс орындарына — 84 адам (жоспар б/ша 120 адам) жолданып, жоспар 70% орындалды.
«Күміс жас» жобасына — 151 адам (жоспар б/ша 150 адам) жұмысқа жолданып, жоспар 100,7% орындалды.
2144 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Биылғы жылы ауданда 1 және 2 лек бойынша 114 азаматқа жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушы — 2, мүгедектігі бар – 16, көп балалы — 81, мүгедектігі бар балаға қараушы — 10, асыраушысынан айырылған 5 адамға ұсынылды (жоспар б/ша 114 адам).
2024 жылдың 9 айында Ордабасы ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген 995 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл туралы Ордабасы аудандық мансап орталығының директоры Д.Абдихаимов мәлім етті.