«Ордабасы аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Абдихаимов Дынислам Бақытжанұлы «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бекіткен кестесіне және алдын-ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарламаға сәйкес, аудандық партия филиалы төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлының қатысуымен жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындары жастар тәжірибесі бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қайтарымсыз грант алу мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді.
Мансап орталығының директоры Д.Бақытжанұлы бұл кездесуде тұрғындардың көтерген мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Мұндай қабылдауларда азаматтар өздерінің жұмысқа орналасу мәселелерін, кәсіби дамуға байланысты сұрақтарын қоюға және тиісті кеңестер алуға мүмкіндік алады.