Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында орналасқан кәріс тағамдарын дайындайтын «Лян Венера» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Кездесу» кафесі аудан тұрғындарына қызмет етіп келеді. Кәсіп иесі аталған кафеде аудандық мансап орталығының жолдамасымен 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр. «Күміс жас» бағдарламасымен Лариса Иванова аспаз көмекшісі болса, Гулнора Дотказина кондитерлік өнімдерді дайындайды. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен Любовь Пономарчук былтырғы жылдың шілде айынан кассирлік қызметін абыроймен атқарып келеді.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар еңбек етуге жақсы мүмкіндіктер беріп отырғандығына ризашылықтарын білдіруде.