ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТУДА - Kemel kz
#Жалпы #Саясат

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ АРТУДА

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі жергілікті жерде тіркелген 142 мың халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ең бастысы аталмыш мекеме үшін 2020 жылы заманауи үлгіде салынған 3 қабатты ғимарат қолданысқа берілсе бұл орталықта қызмет алушылар үшін қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған. Мекеме ғимараты ақпараттық орталық, қызмет көрсету аймақтарына бөлінсе күту залында келушілерге тиісті жағдай жасалған. Осы орайда Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Есенғали Бөлебай Дүйсенбекұлымен орталықтың жұмысы жөнінде арнайы сұхбаттасқан болатынбыз.
Бүгінде халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру – заман талабы. Сондықтан мұнда қызмет алушыларға барынша қолайлы жағдай қарастыру басты міндет болып отыр. Айталық халыққа қызмет көрсету бөлімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жүйелер жұмыс жасайды. Яғни бұл санаттағы азаматтарды қабылдау барысы арнайы бейнекамераға ендірілген сигналдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге орталықта ана мен бала бөлмесі де қарастырылған. Мұнда сәбиі бар аналардың ыңғайлы әрі кедергісіз қызмет алулары үшін жағдай жасалып жеке бөлме жасақталған.
Ордабасы ауданына қарасты халқы тығыз орналасқан Шұбарсу елді мекенінде жуырда халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа секторы өз жұмысын бастады. Осылайша жергілікті жердегі 40 мыңнан астам халықтың аудан орталығына қатынамай ақ тұрғылықты жерден қызмет алуларына мүмкіндік жасалды. Осылай деген Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шұбарсу ауылында ашылған жаңа сектор заманауи жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталғандығын жеткізді. Бастысы Шұбару тұрғындары осы жерден ақ жылжымайтын мүлікті тіркеу және тағы да басқа әлеуметтік қызметтерді ала алады.
Ордабасы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Есенғали Бөлебай Дүйсенбекұлы 8 шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты. Саяси науқанда аудан орталығы Қажымұқан ауылдық округінен сынға түсіп халық таңдауына ие болған азамат депутат ретінде де өз округіндегі бірқатар мәселелердің шешілуіне ұйытқы бола білді.
Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің құрал-жабдықтары заман талабына сай. Мұнда арнайы мамандар дүйсенбіден жұмаға дейін азаматтарға қалтықсыз қызмет көрсетеді.