АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ТАПСЫРМАЛАР МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС» - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ТАПСЫРМАЛАР МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС»

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен мамандары, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекемелендің жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық ТҮКШ бөліміне берілген тапсырмалардың орындалуы туралы, Қараспан ауылдық округі аппаратының атқарған жұмыстары мен жоспары, орын алған кемшіліктер туралы мәселелер қаралды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков, Қараспан ауылдық округінің әкімі Нұржан Умаров және аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кадиев баяндама жасады.

Өз кезегінде аудан әкімі бірқатар хаттамалық тапсырмалардың мерзімінде орындалмағанын сынға алып, әр тапсырманың маңызды және олардың мүлтіксіз орындалуы тиіс екеніне атап өтті. Сондай-ақ тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдерін кемшіліктерді жойып, жұмысты ширатуға шақырды және нақты мерзім белгіленді.