Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) безгегі ауруының белгілері және сақтану жолдары. - Kemel kz
#Жалпы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) безгегі ауруының белгілері және сақтану жолдары.

Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) безгегі ауруының белгілері және сақтану жолдары.

Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) — бұл негізінен көктем жаз мезгілдерінде вирус арқылы тарайтын өте қауіпті жұқпалы ауру болып саналады.

Аурудың қоздырушысы: Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы кене.

Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде жұғуы мүмкін. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі 1 күннен 14 күнге дейін созылады.

Аурудың белгілері: Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының кенеттен 39-40 0С дейін көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Ауырған адам тез арада дәрігерге көрінбесе, ауруын өзгелерге жұқтыруы мүмкін.

Қауіптен қалай сақтануға болады: Аурудың алдын — алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарлар тұратын қора-жайларды қи қоқыстан механикалық тазалап, үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру. Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір — біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын немесе оны өлтіретін арнайы сақтану құралдарын қолдану қажет. Үйге келген соң сырт киімдеріңізді шешіп қағыңыздар, душқа түсіп, денеңіздің үстің жақсылап қарап шығыңыз.Қауіпті кезең өткенше, табиғатқа шығуды, серуендеуді шектеген дұрыс. Кене денеге жабысқан жағдайда кененің үстіне кез келген майды тамызып, үстіне жіптен жасалған ілмек салып алу керек. Кененің жабысқан жеріне спирт немесе иод жағу керек. Есте сақтаңыз кенені қолмен езуге болммайды.

Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажеттігін ескертеміз.

Түлкібас аудандық ветеринариялық қызметі