ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы #Әлеумет

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ — САЙРАМДА Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отыз үшінші отырысы Сайрам аудандық әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында кеңес төрағасы Байділдә Жылқышиевтің модераторлық етуімен өткізілді.

Отырыстың жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Арынбаев пен Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы қатысты.

Көшпелі форматта болған отырыстың күн тәртібінде мәселердің бірінде Сайрам ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы мәселе қаралды. Сайрам ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен жан-жақты қаралып,тиісті пікірлер мен ұсынымдар айтылып,талқыланған соң, шешімдер қабылданды.

Түркістан облысының ветеринариялық қызметі ШЖҚ МКК