Бекітілген кестеге сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауда аудан басшысы тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерін шешу мақсатында мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс пікірлерін назарға алды.
Шымкент қаласының тұрғыны Е.Мейрбеков Алатау ауылдық округіндегі жер учаскесіне қатысты туындаған мәселелерге тиісті заң органдарының шешімі шыққанын, учаскені босатып, мемлекет меншігіне қайтару ісінде туындаған сұрақтарға сала мамандарынан кеңес алды.
Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Н.Салиев тұрғын үй құрылысы үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен арнайы жер учаскесін алып, үй, қажетті қора тұрғызғанын, бірақ құжаттарын рәсімдеуді ұмытып кеткенін айтып, заңгерлік, құқықтық көмек сұрады.
Ленгір қаласының тұрғыны А.Мамбетқұлова тұрғын үй ауласындағы электр бағанасының ескіріп, қисайып тұрғанын, ауыз су құбыры жарылып, жөндеу жұмыстарының тарифі қымбатқа түсіп жатқанын, тұрғын үй кезегінде 2013 жылдан бері тұрғанын айтып, айтылған мәселелерді шешуге көмек сұрады. Аудан әкімі сала басшыларына туындаған проблемены жуық арада шешуді тапсырып, тұрғын үй кезегіне қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға берілген және алдағы уақытта құрылысы жүретін көпқабатты үйлер жөнінде әңгімеледі.
Күмістөбе көшесінің тұрғыны Т.Бекмурзаева мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған арендалық пәтердің иесі қайтыс болуына орай, оны мұрагерлік жолмен рәсімдеу жолдары, жер учаскесін құжаттандыруда тап болған кедергілерге қатысты сала мамандарынан кеңес алды.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатуға негізделген қабылдау барысында келген әр азаматтың көкейіндегі сұрақтардың шешімі табылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қабылдауға келгендердің проблемалары мен талап-тілектерінің заң аясында орындалуы, шешімін табуы өзінің тікелей бақылауында болатынын айтып, адам құқығының бұзылмауын басты назарда ұстайтынын түсіндірді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі