Бұған дейін футболдан талай талантты жастарды тәрбиелеп шығарып бірнеше мәрте облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанған Арыс футбол клубы ендігі жерде ұлттық спортты дамытумен де айналысатын болады. Яғни жасөспірім аяқдоп шеберлерін шыңдап келе жатқан бұл ұжым қазіргі таңда «Арыс футбол және ұлттық спорт клубы» деп аталады. Ал аталмыш жетістігі мол ұжымға тәжірибелі жаттықтырушы, іскер маман
Медетбеков Ерғазы Мақсұмханұлы басшылық жасап келеді. 2010 жылы Арыс футбол мектебі деп аталған мекемеге директор болып тағайындалған азамат аймақ футболының өркендеуіне еселі үлес қоса білді.
Бүгінде жалпы саны 130 ға тарта баланы футболға баулып жергілікті команданы талай жоғары жетістіктерге жеткізе білген Ерғазы Мақсұмханұлы өзі де бала кезден ала допты жанына серік еткен азамат. Ол 1990-1992 жылдары «Скиф Ордабасы» командасында ойнаса 1994-1995 жылдары Алматыдағы «Намыс» командасында ал 1996-2000 жылдары Өзбекстанның «Тұран» «Арал», Нукус қаласының кәсіби футбол клубтарында өнер көрсеткен. Ал басшылық қызметте де өңір футболының өркендеуі үшін тер төгіп келе жатқан азамат 4 шақырылым қатарынан халықтың таңдауына ие болып Арыс қалалық мәслиханының депутаты атанды.
Тәжірибелі футболшы, білікті жаттықтырушы әрі клуб директоры қызметімен бірге халықтың қалаулысы ретінде өз округіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне үлкен үлес қоса білген Ерғазы Мақсұмханұлы ендігі жерде ұлттық спортты да қатар дамытуға күш салмақ. Ол үшін мамандарға тиісті талап қоя біліп жастарды ұлттық спорт түрлерінен де үлкен жетістіктерге жеткізу тәжірибелі басшының алға қойған негізгі мақсаты болып отыр.
АРЫС ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕДЕТБЕКОВ ЕРҒАЗЫ МАҚСҰМХАНҰЛЫ СҰХБАТТА