ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУҒА 12 ТЕХНИКА, 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУҒА 12 ТЕХНИКА, 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Түркістанда тұрғындар мен қонақтарға қардан қолайсыздық туындамауы үшін тазалық мекемесінің қызметкерлері бүгін түнгі сағат 2-ден қар күреу жұмыстарына шықты.

Қазіргі таңда жұмылдырылған жалпы 12 техника негізгі үлкен жолдар мен аяқжолдарды қардан тазалап, құм мен тұз себуде. Сонымен қатар 200-ге жуық астам адам қала аумағында қар күреп, тазалықпен айналысуда.

Аталған техникалар мен жұмысшы күші алдымен орталық маңызы бар, қоғамдық көліктер жүретін негізгі көшелердегі қарды күреп, көшелер кезегімен қардан тазалап жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі