Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті.
Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.
«Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев»
— делінген хабарламада.
Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.