2025 - Kemel kz

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА! ДЕПУТАТ ҒАЛЫМЖАН ҚАЛҚАМАНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

«Amanat» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаты Ғалымжан Қалқаманов азаматтардың талап-тілектері мен арыз өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. «Amanat» партиясы Ордабасы аудандық филиалының  төрағасы Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлының қатысуымен өткен қоғамдық қабылдау барысында халық қалаулысы мәселесін айта келген азаматтарға жан-жақты жауап берді. Айта кетсек Ордабасы аудандық мәслихат депутаттығына Шұбарсу ауылдық округінен сайланған […]

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі: Сенат инвестицияларды өзара қорғау туралы заңды мақұлдады

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімді ратификациялады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында қаралған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң екі ел арасындағы инвестицияларды өзара қорғауға бағытталған. Талқылау […]

Жолдардың құрылысы, күтімі және жөнделуі: Сенатта Үкімет сағаты өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану: ағымдағы жай-күйі, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Шараның мақсаты – жол саласындағы жүйелі мәселелерді анықтап, елдегі көлік инфрақұрылымының жағдайын талқылау және оны дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу. Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өз сөзінде автомобиль жолдарының жағдайы ел […]

Сенат Төрағасы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысымен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы және Венгрия Ұлттық жиналысының депутаты Жолт Неметпен кездесті. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев мейманды ЕКПА-ның Қазақстан бойынша баяндамашысы болып тағайындалуымен құттықтай келіп, Қазақстан Парламенті мен аталған Ассамблея арасында 20 жыл ішінде тығыз және тиімді өзара қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ іс-шара кезінде қазіргі таңда […]

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов XIII заң форумына қатысты

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Санкт-Петербургтегі XIII халықаралық заң форумына қатысты. Шараға қатысушылар азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайту және қазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу үшін заңнамалық бастамаларды ілгерілету мәселелерін талқылады. Жақып Асанов өз сөзінде Қазақстанның соттарында және құқық қорғау органдарындағы басқару ісі және цифрлық технологияларды енгізу […]

Арыста жаңа көше шамдары орнатылды

Арыс қаласының Байдәулетов көшесінде көше шамдары орнатылып, 1 шақырымдық аумақ жарықтандырылды. Бұл жоба Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Қосмамбетовтың бастамасымен және жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асты. Игі іс тұрғындардың өтінішімен қолға алынып, С. Ерубаев атындағы мектеп маңындағы аялдама да жаңартылды. Көше кешкі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы бола түсті. Жергілікті тұрғындар бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, депутат […]

ТАҒАЙЫНДАУ: ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ  ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРАДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабына,  37-бабы 3-тармағына  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан республикасы Заңының 15-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына, 19-бабының 2-тармағына және  30- бабының 1-тармағына сәйкес, облыс әкімі Н.Көшеровтың 16.05.2025 жылғы №04-05/178 санды өкімімен Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлы Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы  лауазымына тағайындалды. Жаңа басқарма басшысын Түркістан […]

ЕЛДІҢ СЕНІМІНЕН ШЫҚҚАН ІСКЕР ДЕПУТАТ – ДИНАРА ЕГАМБЕРДИЕВА 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес, Мәслихат депутаттары жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беруі тиіс. Осыған байланысты Түркістан облыстық мәслихатына Түлкібас ауданынан сайланған депутаттар Динара Егамбердиева, Нұрайым Шақимергенқызы және Төрегелді Қалмұратов аудан тұрғындарымен есепті кездесулерін өткізді. Жиынға Түлкібас ауданы әкімінің […]

Ауданымыздың дамуы — ортақ міндетіміз!

Өздеріңіз білетіндей, халық қалаулысы болу – тек заңнамалық бастамалар көтеріп, құжат­тарға қол қоюмен шектелмейді. Бұл-елдің мұң-мұқтажын тыңдап, нақты мәселелердің шеші­­­міне ықпал ету, халықтың әл-ауқатын арт­­­­тыру жолында аянбай еңбек ету деген сөз. Осы мақсатта депутаттық жұмысым бары­сы­нда ауданымыздағы 13 ауылдық округ­ті аралап, тұрғындармен бетпе-бет кез­де­­сіп, оларды толғандыратын мәселелерді тал­қы­­­ладым.«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Прези­дентінің […]

МАМАНДЫҒЫ — МАҚТАНЫШЫ

«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша білім алған Ернар Олжасұлы Бекетов бүгінде өз саласының үздік маманы болып еңбек етуде. Ол еңбек жолын ЖАҰСО мекемесінде тәжірибеден бастаған.2 айдан аса уақыт бойы осы мекемеде мол тәжірибе алған.Зерек жас сол уақыттарда тәлімгерлерінен көптеген кәсіби дағдылар мен білімдер алып, қазіргі әріптестерімен бірге жұмыс істеу барысында жаңа нәрселерді […]

  • 1
  • 2