2024 - Kemel kz - Page 4

2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізіледі. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді. Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүргізген лицензия алдындағы талдау нәтижелері бойынша АӘҚ көрсететін 1007 […]

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 47 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі. Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 […]

Мемлекет басшысының тапсырмасы: IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті.

Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет. Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында […]

Елімізде мүгедектігі бар қанша адам жұмыспен қамтылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жаста.2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар […]

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басты міндет!

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен алқа отырысы өтті, онда 2024 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Алқа отырысына вице-министрлер, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, әкімдердің орынбасарлары, Еңбекминінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, еңбек мобильділігі […]

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:“ТЕМІРЛАН АБАТТАНДЫРУ” КММ ҰЖЫМЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСЕЛІ

Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тазалығы көз тартып, тотыдай таранып тұрса – бұл «Темірлан Абаттандыру» КММ-нің қызметкерлерінің еңбегінің жемісі. Жыл он екі ай ауданның орталық Абасов, Қажымұқан көшелерінен бастап, көше-көшелерін сыпырып, тал отырғызып, әктеп қураған бұталарды қырқып, көгалдарды реттеп, таңның атысы, кештің батысы тынбайтын, күйбеңі бітпейтін мекеме жұмысшыларын байқамау мүмкін емес.Бүгінде мекеме қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы […]

Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша Түркияның 3 компаниясымен меморандумға қол қойылды

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.Жиынның күн тәртібінде бюджет қаржысының игерілуі, салық түсімдерінің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің жыл қорытындысымен орындалуы, жыл соңына дейін тапсырылатын құрылыс, табиғи газ, ауыз су т.б нысандардың жай-күйі, жылдық жоспардың орындалуы бойынша есептер тыңдалды.«Қазіргі таңда аудан көлемінде бюджет қаржысы жоспар бойынша игерілуде. Салалар бойынша салық […]

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 39 745 АЗАМАТ ЖОЛДАНҒАН

Бұл туралы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Қазанқапов мәлім етті. Облыс әкімі бекіткен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланған.Оның ішінде жаңа жұмыс орындары — 3 671, Бос жұмыс орындары — 43 250 орын, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы негізінде жеке бастамалар аясында — 22 595 […]

Жұмыссыздықты азайту басты міндет: Мансап орталығының директоры қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес, Ордабасы аудандық мансап орталығының директоры Абдихаимов Дынислам Бақытжанұлы тұрғындармен жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл шара халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және орталық қызметтерімен таныстыру мақсатында өткізілді.Қабылдау барысында Темірлан, Аманкелді, Көлтоған ауылының тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие […]

КӨРСЕТКІШТІ ЕҢБЕКПЕН ЕҢСЕЛЕГЕН АУДАН

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Аудан басшысы алдымен Темірлан ауылындағы 250 орындық спорттық сауықтыру кешенінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ Азат Әбдіғалиұлы Самал м/а салынып жатқан үш қабатты 3 үй, 84 пәтер және бір қабатты 26 үй, 52 пәтерлі тұрғын үйлердің жұмысымен танысты.Одан бөлек Қажымұқан […]