2024 - Kemel kz - Page 3

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚҚА ЕҢБЕКПЕН ҮЛЕС ҚОСТЫ

Ордабасы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен жастар бір кісідей атсалысты. Сенбілік барысын арнайы аралаған аудан басшысы Азат Оралбаев тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл шара аудан орталығының тазалығын сақтауда және тұрғындар арасында экомәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Тазалық шарасы аясында […]

ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЖОЛ АШАДЫ!

Ордабасы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына «AMANAT» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, аудан әкімі орынбасарлары, жауапты дербес бөлім басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Фракция мәжілісін Ордабасы аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы мүшесі Омаш Сәуле Шапайқызы ашып, жүргізді. Фракция отырысының күн тәртібінде:

Инвесторлардың қатысуымен 263 млрд. теңгеге 13 жоба іске асып, 4 мыңға жуық жұмыс орындары ашылған.

Мемлекет басшысы жуырда өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты және бұл бағыттағы негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру екенін ерекше назарға алған болатын. Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдауға ерекше басымдық беру ісі «AMANAT» партиясының негізгі қызмет мәні болып белгіленіп, «Жер аманаты», «Ауыл […]

13 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП 3600 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысындағы бизнес ахуалды талқылау мақсатында облыс орталығында өңір кәсіпкерлерімен ауқымды кездесу ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының басшылары қатысты. «Ашық әңгіме» барысында әрбір қатысушы өзін алаңдатқан сауалына жауап алып, бизнес-диалог орнатты. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар […]

ЕТКЕН ЕҢБЕК, ТӨККЕН ТЕР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕДІ

Ресей Федерациясы Казан қаласында өткен белбеу күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында Ордабасы ауданы Мақташы ауылының тұрғыны, спортшы Құдасбек Гүлзира қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Осы орайда ел мерейін үстем еткен спортшыны Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев арнайы қабылдап, алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады. Гүлзира Боранбекқызы спорттың 3 түріннен самбо, белбеу күресі, әскери самбо күрес […]

ЕҢБЕКҚОР АУДАН: ОРДАБАСЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен тазалық шараларын өткізу бекітіліп, аудан аумағында жалпы аудандық сенбіліктер өтуде.Тұрақты түрде жүргізіліп отырған тазалық шарасы жалғасын тапты.10 ауылдық округте ұйымдастырылған сенбілікке мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік нысан иелері атсалысты. Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды күл қоқыстан, құрылыс заттарынан, кесілген ағаш бұталарынан, орылған шөп қалдықтарынан […]

2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 935 мыңнан астам қызмет алды

024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 808,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 8,7 мың – ымдау тілі қызметін, 26,8 мың – жеке көмекшінің, 90,9 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні […]

103 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

2024 жылдың басынан бері 103,1 мың азамат, оның ішінде 50,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 491,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 130,4 мыңы – 2024 жылы тіркелді. Оқудан өткен 50,1 мың жұмыссыз азаматтың 15,3 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының […]

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық трансформациялау барысы және ана мен баланы әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, Еңбекмині және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Ведомствоның қызметтерін цифрлық трансформациялау барысы туралы Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру […]

Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасында 93 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Еліміздің кәсіпорындарында ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында осы жылдың сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» (бұдан әрі – ЕТЦК) ақпараттық жүйесін іске қосты. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕТЦК-де 92,8 мың кәсіпорын тіркелген, олар бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен 80-нен астам […]