Ноябрь, 2024 - Kemel kz - Page 9

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 114 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Мансап орталығының директоры Д.Абдихайымов аудан әкімінің кезекті аппарат мәжілісінде 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасадыЖиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлімдер мен мекеме басшылары және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.Мәжілістің күн тәртібінде «Ауданның 60 жылдық» іс-шарасын өткізу жоспары туралы, «Алтын күз-2024» іс-шарасын өткізу, күзгі тал егу, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған […]

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 АЙДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2024 жылы Ордабасы ауданы бойынша «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жалпы 8598 азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету жоспарланған. 9 айдағы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша 5807 азамат жобаға қатысты.Атап айтқанда:Әлеуметтік жұмыс орындарына — 331 адам (жоспар б/ша 390 адам) жолданып, жоспар 84,9% орындалды.Жастар практикасына – 224 адам (жоспар б/ша 620 адам) […]

«ШЕКТЕУСІЗ МҮМКІНДІК” БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Ордабасы аудандық Мансап орталығы мен аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе «Шектеусіз мүмкіндік» атты 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығына қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Жәрмеңкеге әртүрлі салалардағы мекемелер 40-тан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. […]

КӘСІП БАСТАУҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

«Ордабасы аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Абдихаимов Дынислам Бақытжанұлы «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының бекіткен кестесіне және алдын-ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарламаға сәйкес, аудандық партия филиалы төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлының қатысуымен жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындары жастар тәжірибесі бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қайтарымсыз грант алу мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді. Мансап орталығының […]

Солтүстіке қоныс аударып жұмыспен қамтылу тетіктері түсіндірілді

Ордабасы аудандық мансап орталығы ғимаратында «Қандастар және қоныс аударушылар орталығының» (СҚО) өкілдері «Өңіраралық қоныс аудару» бағдарламасы аясында аудан халқымен кездесу өткізді. Бұл шараның мақсаты – қоныс аудару үдерісіне қатысқысы келетін азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізу, көші-қонға байланысты сұрақтарға жауап беру және өңіраралық қоныс аудару мүмкіндіктерін түсіндіру.Кездесу барысында «Қандастар және қоныс аударушыларға ақпараттық-түсіндіру орталығының» директоры Әнуар Тоқпан […]

ЕҢБЕК АДАМЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ АБИБУЛЛА ЖАКУДАЕВ

Биылғы жылдың 5 қазаны яғни “Ұстаздар” күнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Менің тапсырмаммен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл құжат ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға ықпал етті. Қазір мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы айтарлықтай көбейді. Олар негізгіқызметіне кедергі […]

ЕҢБЕКТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН КӘСІПКЕР

Ордабасы ауданында жыл сайын өз кәсіптерін ашып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Ауылда адалдықпен ерінбей еңбек етіп жүрген кәсіпкердің бірі көп балалы әке – Ақжігітов Науатбек Құрасбекұлы 2023 жылы 1 млн. 380 мың теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кір жуатын ұнтақ шығаратын цех ашқан. Цех Темірлан ауылындағы Абасов көшесінің бойында орналасқан. Кәсіпкер күніне 1 тонна […]

ТЕМІРЛАНДЫҚ КӘСІПКЕР 3 АЗАМАТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында орналасқан кәріс тағамдарын дайындайтын «Лян Венера» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Кездесу» кафесі аудан тұрғындарына қызмет етіп келеді. Кәсіп иесі аталған кафеде аудандық мансап орталығының жолдамасымен 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр. «Күміс жас» бағдарламасымен Лариса Иванова аспаз көмекшісі болса, Гулнора Дотказина кондитерлік өнімдерді дайындайды. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен Любовь Пономарчук былтырғы […]

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – ЖАҢА КӘСІПТІҢ БАСТАУЫ

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Ордабасы ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді.«Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша өз кәсібін бастамақ болған қайтарымсыз грант жеңіп алғандардың бірі — Жөргенбай Айнұр Әзірбайқызы. Ол өз бизнесін дамыту мақсатында 3 топ мүгедектік санаты бойынша мемлекеттен қайтарымсыз грантқа өтініш береді. Комиссиядан оң шешімін тауып, қаражатқа массаж жасауға қажетті жаңадан қолданысқа еніп жатқан заманауи құрал-жабдықтар […]

КӘСІБІН БАСТАП ЖҰМЫС ОРНЫН АШТЫ

Қазіргі таңда еліміз бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін көбіне әйелдер жетекшілік етіп отырғандығы белгілі. Біршамасы мемлекет қолдауының арқасында кәсіптерін дөңгелетуде.Осындай жанның бірі Ордабасы ауданының тұрғыны, көп балалы кәсіпкер — Сағынаева Нұргүл Бердібекқызы. Ол «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 2024 жылдың 1 легінде қайтарымсыз грантқа қатысып, комиссиядан […]