Ноябрь, 2024 - Kemel kz - Page 8

ТӨРТКҮЛДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУДА

Ордабасы ауданы Төрткүл ауыл округінде «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ішкі көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Арыстанды ауылы Аль-Фараби, Байарыстан, Желтоқсан, Ынтымақ, Атамұра, Жаңатұрмыс, Парасат көшелеріне асфальт жабындысы төселді.Төрткүл, Қызылжар ауылдарында жаңа заманауи білім ошақтары бой көтеріп, осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.Сонымен қатар Еңбекші ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салынуда […]

ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫС БАСТАҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының Ордабасы ауданында көрсеткіші жақсы деп айтуға болады. Аймақта жоба аясында скрининг жұмыстары жүргізіліп, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының І-кезеңіне Бадам және Шұбар ауылдық округтері ІІ-кезеңіне Қараспан және Бөржар ауылдық округтері енгізілді. Жобаны іске асыратын 4 ауылдық округтен 8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. […]

ШҰБАРСУДА МАЛ БАЗАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында алғаш рет мал базары ашылып өз жұмысын бастады. Жалпы аумағы 1 гетарды алып жатқан жаңа базар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолы бойына жақын жерде орналасқан. Ең бастысы айналасы толықтай қоршалып ірі қара және уақ малдарды ұстайтын арнайы орындары заман талабына сай етілген мал базар инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Сонымен […]

ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕМОРАНДУМ НӘТИЖЕСІНДЕ 580 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданға жеке қаражатын салып ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторларды қабылдап екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. «Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы инвестициялық құны 5 млрд теңгені құрап 500 жұмыс орнымен және «ЮгСтройТехнология» компаниясының газбетон блоктарын шығару жобасы инвестициялық құны 1,2 млрд.тг., 80 жұмыс орнымен ашылған […]

ОРДАБАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың қатысуымен өткен жиында әлеуметтік қызметкерлер күні атап өтілді. Шара барысында әлеуметтік саладағы халық игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов әлеуметтік сала мамандарына жылы лебізін білдіріп, болашақтағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде жиынға қатысушылар да бұл саланың маңыздылығын атап […]

БАДАМ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 100 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

1)«Бадам» индустриялды аймағында «Bereke Kaz-Enginerig» компаниясының темір бетон конструкцияларын шығару зауытының құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны 1 млрд. 500 млн.тг. өндірісттік қуаттылығы жылына 20 мың текше метр, іске қосылған уақытта 44 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2) «Steel Frame» компаниясының металл өнімдерін өндіру жобасының құны 300 млн теңгені құрайды. Өндірістің негізгі қондырғы жабдықтары Қытай […]

МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНЕ АТСАЛЫСТЫ

Қазан айы «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында Ордабасы ауданының мәдениет күндерімен басталды. Екі күнге созылған Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрінен сайыстар, атап айтқанда арқан тартыс, асық ату, қазақша күрес, бөрене көтеру, тоғыз құмалақ секілді ұлттық ойындар дәріптелді.Аталған іс-шараға Ордабасы аудандық мансап орталығының қызметкерлері де атсалысты. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп […]

ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАСТАР ЕҢБЕГІМЕН ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

«Эко Ордабасы» қозғалысының қатысушылары халық көп шоғырланған көше бойы мен «Самұрық» аллеясына темір металлдан жасалған түрлі-түсті пластик, қағаз және шыны қалдықтарын сұрыптап тастайтын контейнерлер орналастырды. Мұндағы мақсат — өңдеуге жататын қалдықтарға екінші өмір беру және көпшілік арасында қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру.Жастар қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың міндеті. Ауыл тұрғындарын өз аулаларын таза ұстап, айналаны абаттандыруды […]

«ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕРЕКЕ»

Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны, кәсіпкер Амитов Жолдыбек 3 топ мүгедектігі санаты бойынша «Жартылай фабрикат өнімдерін дайындау» бизнес-жобасын комиссия отырысында қорғап, мемлекеттен 1 млн 478 мың теңге қайтарымсыз грант алды. Грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын алып, кәсібін дөңгелетуде. Қарамағында 3 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпкер, күнделікті 30 кг «Дәмді» үй түшпарасын дайындап, аудандағы дүкендерге өткізуде.Алдағы уақытта кәсібін […]

Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 522 мыңға жуық адам қамтылды

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 522,2 мың қазақстандық қатысты. 403,1 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 229,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 174 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15 мың адам, жастар практикасында 27,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 104,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында […]