РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 200 ОРЫНДЫҚ «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл облыс халқының 5%-ын құрайды. Оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж. Бұл мәселе облыс басшылығының қолдауымен шешімін тауып келеді. Осы орайда Сауран ауданында 25 қазан – Республика күніне орай 200 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, маслихат депутаттары, зиялы […]