Ноябрь, 2024 - Kemel kz - Page 2

315 мыңнан астам әйел азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Астанада өткен «Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің VIІ Республикалық форумы аясында әйелдерді жұмыспен қамту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Асқар Биахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын қоғамда ілгерілетуге […]

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НЕСИЕ АЛЫП КӘСІП БАСТАҒАНДАР АЗ ЕМЕС

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында өз нәтижесін беріп жатыр. Ауыл тұрғындарының бірі жаңадан кәсіп ашса, бірі шағын кәсіпорнын кеңейтіп, әл-ауқатын жақсартып келеді. Халықты аграрлық бизнеске тарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдау мақсатындағы мемлекеттік жоба жоспарға сай орындалуда. Түркістан өңірінде биыл 160 жоба толықтай қаржыландырылып, 1,1 миллиард теңге игерілді. Өсімдік, балық, […]

ЖАСТАРҒА КЕҢЕС: ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ “СЕРПІН — 2050” ЖОБАСЫТҮСІНДІРІЛДІ

Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Баймахан Диана Серпін — 2050 мемлекеттік бағдарламасын насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, арнайы үнпарақтарын таратты.Іс-шараның мақсаты — жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру болып табылады. Жастарға жан-жақты қолдау […]

“ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН АУЫЛ” АЗАТ ОРАЛБАЕВ ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кесте бойынша алты ай сайын тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды. Осыған сәйкес Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қарақұм ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, […]

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕКҚОР БӨГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес Бөген ауылдық округінің халқымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған және бөгендіктер тарапынан өткен есепті кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады.Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қазыналы қариялар, ауыл белсенділері мен тұрғындары қатысты.Өздеріңізбен өткен алдыңғы есепті кездесулерде 2 мәселе көтеріліп, өз […]

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылды. Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, кемшіліктер мен өзге де түйткілді мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар […]

2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын […]

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндіктер беру арқылы Әділетті мемлекетті құратынымызды айтқан болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым. Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек», — деп нақты атап көрсетті. «AMANAT» партиясы әлеуметтік әділдікті заң жүзінде бекітіп, іс жүзінде қалпына […]

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жою бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны өз мақсатында тиімді жұмсау, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің жолын кесу үшін мониторингтер мен тексерулер жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Жауапты басқарма мен мекеме басшысының есептері тыңдалды. 2024 жылдың […]

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ҚОЛДАУҒА ИЕ

Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар адамдар күні ретінде белгіленген. Бүгін Түркістан қаласында әлеуметтік қорғау саласы бойынша мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты. Мәжіліске салаға жауапты департамент және басқарма басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жетекшілері, мүгедектер ісі жөніндегі облыс, аудан және қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері […]