ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН СУДЫҢ» ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН МАМАНДАРЫ БАТЫСТА ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БӨГЕТІН НЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР
Түркістан облысының «Тұран су» МКК-ның мамандары мен техникалары Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Шағатай ауылын тасқын судан қорғау мақсатындағы мобильді топтың құрамында жұмысқа кірісіп кетті. Қазіргі таңда мобильді топ Жайық өзенінің дамбысын көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде аймаққа су тасқынының екінші толқынына дайындық қарқынды. Әскерилер, төтенше жағдай қызметкерлері, облыс тұрғындары және еліміздің түкпір-түкпірінен барған еріктілер […]