29.02.2024 - Kemel kz

«САМАРҚАНД – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 15 НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ

Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы және «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының өкілдерімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 15 наурыздан бастап «Самарқанд – Түркістан» әуе рейсі ашылады. Айта кетейік, рейстер аптасына 2 рет жұма және жексенбі күндері заманауи, ыңғайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады. Осы тақырыпты талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар […]

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларының көлемін арттыру тапсырмасын жоғарғы деңгейде орындауға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына іссапары барысында су шаруашылығының проблемалары және су үнемдеу технологиясын енгізу мәселесі жөнінде өткізген мәжілісте айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүргізген жиналысқа ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, аудан, […]

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 540 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТҮСІМІ ТҮСКЕН

Түркістан облысында былтыр 537,6 млрд. теңге салық түсімі түскен. Нәтижесінде өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 137%-ды құраған. Оның 388,5 миллиарды — Республикалық бюджетке түссе, 149,1 миллиард теңге — жергілікті бюджетке тиесілі. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді. — Соңғы жылдары экономикамыз өсіп, облысымыз өркендеп келе жатқандығы — салықтық […]

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА 2 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАМТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА 2 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАМТЫЛАДЫ Бұл туралы брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев мәлімдеді. «Бүгінде көктемгі әскерге шақыру жұмыстары басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл жалпы өңірден 2 400-ге жуық азамат әскерге шақырту алады. Оның ішінде Қарулы күштер қызметіне — 1 000, шекара қызметіне — 400-ге […]