Қазақ халқы ерте заманнан мал өсіруді, көбейтуді және оларды әртүрлі аурулардан сақтауды жақсы меңгерген десе қате айтқандық емес. Малдың етін, сүтін, жүнін күнделікті тұрмыс тіршілігінің қажетіне жаратқан. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан осы ветеринария саласына үлкен мән беруде. Бұған дәлел Президент Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласына реформа жасап, дамытуға күш салуды айрықша назар аударды.
Түркістан облысы бойынша 2024 жылға ауыл шаруашылық жануарлары арасында кездесетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар бекітілген олар:
Жануарлардың аса қауіпті: құтыру, аусыл, сібір жарсы, күл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, эхинококкоз, нодулярлы дерметит, қарасан, оба, брадзод, эктима, туберкулез, маңқа, құс тұмауы ауруына қарсы вакцинация жүргізу.
Түркістан облысы ауыл шаруашылық жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикалық іс-шараларды жүргізу бойынша бруцеллезге, эпидидимидке, аусылға, лептоспироз, листериоз, қан сынамаларын алу арқылы диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Түркістан облысы аудан қалаларда ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы мына жануарларға Мүйізді ірі қара, Жылқы, Түйе, Уақ мал (қой, ешкі) шошқа, ит, мысық және үй құстарына ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында ветеринариялық мамандарға көмек беріп өз иеліктеріңіздегі жануарларды дер кезінде емдетіп аса қауіпті аурулардың алдын алуды бірлесіп атқарайық. Осы ретте «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін халық нақылы еске түседі. Одан бөлек, кез келген аурудың алдын алсақ, соғұрлым аурулардан құлан-таза болатынымыз анық екені барлығымызға белгілі.
Жоғарыда көрсетілген аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар мемлекет есебінен ақысыз түрде жүргізілетінін ескертеміз, ақша сұрау фактілері тіркелген жағдайда сенім нөмері +772533-5-78-35 арқылы хабарласуыңызды сұраймын.
Түркістан облысы ветеринария басқармасы
«Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК