10 ШІЛДЕ – ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы

10 ШІЛДЕ – ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Қазақстанда ветеринариялық қызметкер күнін 10 шілдеде атап өту белгіленді, бұл күн «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күнге сәйкес келіп отыр.

Аталған мерекенің айшықтап белгіленуі сала қызметкерлерін ынталандыруға және ветеринарияның еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын айқындай түсті. Сонымен қатар, еліміздегі эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы адам өміріне қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алуда және оны емдеуде орасан зор бейнет ветеринар мамандардың қажырлы еңбегі екендігі белгілі.

Осы орайда кеңестік гельминтология ғылымының негізін салған академик К.Скрябиннің «Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деуі тегін емес. Ветеринария қызметіне берілген ең жоғары баға осы болса керек!

Мереке қарсаңында барлық ветеринария саласында қызмет атқарып жатқан мал дәрігерлерімен, ардагерлерді 10 шілде «Ветеринариялық қызметкерлер күні» төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасылық бақыт, жемісті еңбек, дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы